Техникалық қызмет көрсету және тазалау

Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.

Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған тұлға шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет (мысалы, сүзгіде зақымдардың бар-жоғын, сорғыштың саңылаусыздығын және бақылау құрылғыларының ақаусыз жұмысын тексеру).

  • Денсаулыққа зиянды заттектермен жанасқан болуы мүмкін барлық бөлшектерді ластанған деп есептеңіз.
  • Сорғышты денсаулыққа зиянды заттектер бар аймақтан шығармас бұрын оның сыртын мұқият шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе саңылаусыз етіңіз.
  • Өзіңіз бен басқа адамдар үшін қауіп төнбеген жағдайда ғана сорғышты тазалаңыз, бөлшектеңіз және оған техникалық қызмет көрсетіңіз. Техникалық қызмет көрсету және тазалау кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыстарды жақсы желдетілген жерде өткізіңіз.
  • Сорғышты бөлшектемес бұрын алдымен оның сыртын тазалап шығыңыз.
  • Шаңсорғыштың тиісінше тазалау мүмкін болмайтын кез келген бөлшектерін өткізбейтін қаптарға салып кәдеге жаратыңыз. Бұл ретте осындай қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қолданыстағы ережелерді сақтаңыз.
  • Жұмыстарды аяқтағаннан кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалап шығыңыз.

Құрғақ әдіспен сору кезінде тоқыма сүзгі қабын (26) пайдаланбаған болсаңыз, онда контейнерді (10) әр пайдаланғаннан кейін тазалаңыз.

  • Жапқыштарды (9) ашып, сорғыштың жоғарғы бөлігін (8) алып тастаңыз.
  • Контейнерді (10) жарамды қоқыс контейнерінің үстінен қағып алыңыз.
  • Қажет болса, контейнерді дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
    Қажет болса, сүзгіні (29) тазалаңыз.
    Контейнер мен сүзгіні кептіріңіз.
  • Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (8) қайта орнатып, жапқыштардың (9) екеуін де шерту дыбысымен тірелгенше жабыңыз.

Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сондықтан сүзгіні (29) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.

Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.

  • Сүзгіні қолмен тазалау процесін іске қосып қараңыз Сүзгіні қолмен тазалау, содан кейін сорғышты өшіріңіз.
  • Жапқыштарды (9) ашып, сорғыштың жоғарғы бөлігін (8) алып тастаңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (30) босатыңыз.
  • Сорғыштың жоғарғы бөлігін, сүзгіні оның ұстағышымен бірге төмен қарай шығарып алу мүмкін болатындай бұраңыз. Әйтпесе сүзгі ішінен сорғыштың қозғалтқыш бөліміне шаң түсуі мүмкін.
  • Сүзгіні (29) сүзгі ұстағышынан (30) шығарып алыңыз.
  • Сүзгіні (29) жарамды қоқыс контейнерінің үстінен қағыңыз. Сүзгі пластиналарының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
    Қатты ластанған жағдайда, сүзгі пластиналарын сумен және жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.
    немесе
    Зақымдалған сүзгіні (29) алмастырыңыз.
  • Таза әрі құрғақ сүзгіні (29) сүзгі ұстағышына (30) салыңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (30) сорғыштың жоғарғы бөлігіне салып, 6 айналымға бұрап бекітіңіз.
  • Сүзгі (29) мен сүзгі ұстағышының (30) дұрыс әрі берік орнатылғанын тексеріңіз.
  • Сорғыштың жоғарғы бөлігін (8) қайта орнатып, жапқыштардың (9) екеуін де шерту дыбысымен тірелетіндей етіп жабыңыз.

Сору қуаты жеткіліксіз болса, төмендегілерді тексеріңіз:

  • Контейнер (10) немесе тоқыма сүзгі қабы (26) толып кеткен бе?
    ▷ Контейнерді ағызыңыз немесе тоқыма сүзгі қабын алмастырыңыз.
  • Шланг, құбырлар немесе шүмектер бітеліп қалған ба?
    ▷ Сору керек-жарақтарын тазалаңыз.
  • Сүзгі (29) шаңмен бітеліп қалған ба?
    ▷ Сүзгіні тазалаңыз немесе алмастырыңыз.
  • Аккумулятордың (12) сыйымдылығы тым аз ба?
    ▷ Аккумуляторды зарядтаңыз немесе сыйымдылығы көбірек аккумуляторды салыңыз.

Контейнерді (10) жүйелі түрде босату және сүзгіні (29) тазалау арқылы оңтайлы сору қуаты қамтамасыз етіледі.
Әдеттегі сору өнімділігіне сонда да қол жеткізу мүмкін болмаса, Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

Сорғыш автоматты түрде өшірілген немесе оны қосу мүмкін болмаған жағдайда:

  • Сорғыш және/немесе аккумулятор артық жүктемеге байланысты тым қатты қызып кетті.
    ▷ Сорғыш пен аккумуляторды суытыңыз.

Сорғыш кейін қосылмай қалса, Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

  • Сорғыш құбырларды (19) және құрама сору адаптерін (17) ұстағышқа (14) салыңыз.
  • Қуыс қондырмасын (20) сорғыштың жоғарғы бөлігіндегі (8) бекіткішке салыңыз.
  • Еден қондырмасын (21) сорғыштың жоғарғы бөлігіндегі (8) бекіткішке салыңыз.
  • Сорғыш шлангіні (15) салынған қисайған қондырмамен (18) бірге сорғыш құбырлардың (19) біріне салыңыз.
  • Сорғышты тек тұтқасынан (5) немесе тасымалдау тұтқасынан (27) ұстап тасымалдаңыз.
  • Сорғышты құрғақ бөлмеге қойыңыз және рұқсатсыз пайдаланудан қорғаңыз.